Су тасқынынан эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғыны Маңғыстау облысына барар жолда босанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жедел жәрдем көлігінде босанған анаға акушер Гүлзада Қожаниязова көмектесті. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады,
- Сенбі күні таңертең 1980 жылы туған әйел жүктіліктің 39-40 аптасында жедел жәрдем көлігінде босанған. Оны Құлсарыдан Маңғыстауға жеткізген. Бала 3 келі 150 г салмақпен дүниеге келді. Бала туылғаннан кейін біраз уақыт мамандардың бақылауында болады. Ананың да, нәрестенің де жағдайы тұрақты. Әйел бесінші перзентін босанды. Акушерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсібилігі маңызды рөл атқарды. Қазір ана босанғаннан кейінгі бөлімде жатыр. Ол дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді, - деді Бейнеу аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Асухан Маркабаева.