Ақтаудағы студенттік жатақхана 130 адамды орналастыруға есептелінген. Қазір жатақханада 30 студент тұрады, сондықтан жүзге жуық адамды қабылдауға дайын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Төрт қабатты жатақхана ғимаратында бос орындар бар. Әр бөлмеде қажетті жабдықтар қолжетімді, таза төсек-орын дайындалды, жуынатын бөлмелер, ал бірінші қабатта үлкен ас үй бар", - деді Yessenov университетінің атқарушы вице-президенті Ермек Нұрмағамбет.
Студенттер қатарындағы еріктілер заттарды тасымалдауға, эвакуацияланғандарды орналастыруға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Атырау облысынан Маңғыстауға 8 мыңнан астам адам эвакуацияланды.