Еліміздің батыс өңірлерінде су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты апатқа қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Маңғыстаулық құтқарушылар төтенше жағдайды жою бойынша Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау облысының ТЖД тарапынан 200 қызметкер, 19 бірлік техника, 28 мотопомпа, 7 жүзу құралынан тұратын
2 жерісеріктік байланыс жүйесі және 1 квадрокоптер жіберілді.
Су басқан облыстарда Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан жедел топтары су айдау, қаптарды толтыру және бөгеттерді бекіту сияқты жұмыстар жүргізуде. Негізгі міндет - тұрғындарды, үй жануарларын және тұрмыстық заттарды техника мен жүзу құралдарының көмегімен қауіпсіз жерге эвакуациялау.
Құтқарушылар бүгінгі күнге дейін 438926 текше метр су айдады, 103 380 қапшықтар дайындалды және төселді, 8 мың адам тұратын 1800-ден астам үйді су басуының алдын алды. Маңғыстау облысына 24 507 адам эвакуацияланды, эвакуация пункттерінде 2 447 адам орналасты, оның ішінде 1 382-сі бала.