Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев қаладағы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада жол сызықтарын және жаяу жүргіншілер жолағын сызу, жол жиектерін сыпыру, әктеу және шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қала әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен мердігер компанияға шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
- Қаланың автомобиль жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жеделдету керек. Аталған жұмыстарға қажетті техника мен қызметкерлердің жұмылдырылуын қамтамасыз етіңіздер. Осы жұмыстарды шұғыл ұйымдастыру қажет, - деді қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда қала бойынша 6210 м2 жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер жолағы сызылды.