Қазіргі уақытта облыстың медициналық ұйымдарына созылмалы аурулары бар 150 адам тіркелген. Бұл - диспансерлік есепте тұрғандар және қажетті дәрі-дәрмектерді тегін алуға тиіс адамдар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Атырау облысында диспансерлік есепте тұрған адамдар медициналық пунктке жүгінеді. Біздің медицина қызметкерлері деректерді алады, eGov арқылы медициналық ұйымға бекітеді, тиісінше дереу есепке алады және барлық қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етеді. Егер бұл артериялық гипертензия болса, онда қысымды төмендететін дәрілер, егер бұл қант диабеті болса, онда инсулин препараттары беріледі. Қаржыландыруды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бөледі. Қазіргі уақытта облыста бізде дәрілік препараттардың екі айға жететін қоры бар. Біз қазір жағдайды бақылап отырмыз. Осылайша, қазір үлкен қосымша қажеттілік байқалмайды. Егер дәрілік заттарды көп тұтыну байқалса, онда дәрілік заттарға қосымша өтінім жасалады. Қазіргі уақытта Маңғыстау және Атырау азаматтары үшін қолда бар қорлар жеткілікті", - деді МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.