19 наурыз Жаңару күні аясында облыстық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары мен бапкерлері «Халық арена» спорт кешенінің ауласын көгалдандырып, ағаш отырғызды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ш.Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Жандарбек Исановтың айтуынша, ағаш отырғызу маусымын наурыз айының басынан бастаған. Қазіргі таңда спорт кешеннің айналасына 30 түп ағаш отырғызуды жоспарлаған.
- Ағаш егу мәдениетін қалыптастыруды өз айналамыздан бастауымыз қажет, жапырағы қуармайтын, тамыры суалмайтын елге айналуға әр азамат атсалысуы тиіс деп білемін. Сондай-ақ спортшылар осындай сауапты іс арқылы экологиялық ахуалды оңалтуға да өз үлестерін қосады, - деді Жандарбек Исанов.
Жалпы ол ағаш отырғызудың негізгі науқаны күз болғандықтан, биыл ағаш отырғызу жалғасын табатынын атап өтті.