Ақтауда 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейіловтің айтуынша, автобустар тұрақты кестеге сәйкес жүреді.
- Бұл үрдіс жыл сайын Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылады. Қоғамдық көліктер тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді. Барша қала тұрғыны мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.