Бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстандағы қала болуы мүмкін ауылдар тізімін ұсынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Шенеуніктің айтуынша, бүгінде елімізде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Мәслихаттардың шешімі бойынша, оларға қала мәртебесі берілуі мүмкін.
Маңғыстау облысындағы қала мәртебесі берілуі мүмкін ауылдар тізімі:
1. Қызылтөбе ауылы;
2. Атамекен ауылы;
3. Маңғыстау ауылы;
4. Басқұдық ауылы;
5. Рахат ауылы;
6. Бейнеу ауылы;