Маңғыстау ауданында "95 жылдыққа 95 игі іс" жобасы аясында тереңдігі 600 метрлік ұңғыманы бұрғылау жұмысы аяқталды. Енді жаңа скважина сағатына 6 текше метр, тәулігіне 144 текше метр (куб) су беруге қауқарлы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, ұңғыма мал суаруға арналған. Аталған жұмысты мердігер "Мангистау Мониторинг" ЖШС мекемесі жасады. Жоба құны - 37, 700 млн теңге. Жобаға сәйкес ұңғыманы 600 метр тереңдікте қазу көрсетілген, десе де мердігер мекеме 725 метрге дейін қазған. Қазіргі таңда су көзінің қоры 615- 725 метрде қалыпты деңгейді көрсетіп тұр.
Өлкеге белгілі гидрогеолог маман А.Гавашелишвилидің айтуынша, мақсатты жұмыс ойдағыдай орындалып, мал суының мәселесі шешілген. Ол ауыл тұрғындарының өтініші қараусыз қалмағанына қуанып, игілікті істің сәтті аяқталуына атсалысқандарға алғысын білдірді.