© Иллюстративное фото
Әлеуметтік желі қолданушысы Tree of life демалыс базасында кішкентай баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Видеода ер адам баланың қайтыс болуына байланысты демалыс орталығына келушілердің барлығына кіруге рұқсат берілмегенін айтты.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 15.12-де 102 кезекшінің пультіне демалыс базасының бассейніне баланың батып кеткені туралы шақыру түскен.
Жедел-тергеу тобы шақыруға барып, 9 жасар баланың бассейнге батып кеткенін анықтады. Демалыс базасында баламен бірге ата-анасы да болған.
Бұл факт Ақтау қалалық полиция бөлімінде ЕҚДБ - да 001-бап бойынша тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.