«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сенек ауылына жаңадан автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауылдың ішіне жаңадан жол салынып жатыр, бұл істер жағымды, қуанарлық жағдай. Бұған дейінде автомобиль жолын жөндеуден өткізді. Іске асып, орындалып жатқан жұмыстарға ризашылығымызды білдіреміз. Осындай керемет ел игілігі үшін атқарылатын істер көп болғай», - деді ауыл тұрғындары.
Жол құрылысын «Ынта» ЖШС мердігер мекеме ретінде атқарып жатыр. Бұл жұмыстар жоспар бойынша қараша айында аяқталмақ.
Биыл Сенек ауылына жалпы ұзынлығы 5 шақырымды құрайтын ауылішілік автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткен еді.