Ертең, 31 қазан күні қаладағы бірнеше шағын ауданда ауыз су болмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ауыз судың магистральдық құбырындағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ 6а және 7 шағын аудандардағы көтергіш сорғы станцияларын сумен жабдықтау желілеріне қосу жөніндегі жұмыстарды жүргізуіне байланысты, 31.10.2023 ж. сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі шағын аудандарға ауыз су болмайды: 1-ден 8 ш/а дейін, 14 ш/а төменгі бөлігі, 15 ш/а төменгі бөлігі»,- делінген КЖСА хабарламасында.