Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6-кварталында балалар алаңы ел игілігіне берілді. Алаңда балалардың кез келген ойын түрін ойнауына мүмкіндік жасалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаңда түрлі сырғанақтар мен әткеншек бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін алаң толықтай қоршауға алынған.
- Біз үшін тағы бір қуанышты күн. Балаларымыз ойнайтын алаң пайдалануға беріліп жатыр. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілей отырып, осындай алаңдарымыз көбейе берсін дейміз, - дейді ауыл тұрғындары.
Айта кетейік, Сайын Шапағатов елді мекенінде бұдан өзге де бірнеше балаларға арналған алаң бар.