Ақтауда жыл басынан бері орталық автокөлік жолдарына 5500 шаршы метр асфальт төселді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің дайындаған ақау актісіне сәйкес жүреді.
- Биыл қаланың автокөлік жолдарына 12500 шаршы метр асфальт төсеу жоспарланды. Жыл басынан бері орталық жолдарға 5500 шаршы метр асфальт төселді. Осы аптада мердігер компания қызметкерлері 6 мен 2-шағын аудан, «Шығыс-1» мен «Шығыс-2» шағын аудан және 32 мен 32А шағын аудан аралығындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары мына жолдарда жүргізілді:
-№14 автокөлік жолы, «Асар-С» базарының маңы;
-№31 автокөлік жолы, 32а ш/а, №18 үйдің маңы;
-№24 автокөлік жолы, 33 және 30 ш/а аралығы;
-№22 автокөлік жолы, 16 ш/а «Евразия» ТҮК маңы;
-№9 автокөлік жолы, қалалық прокуратура маңы;
-№19 автокөлік жолы, 12 және 13 ш/а аралығы;
-№20 автокөлік жолы, 13 ш/а, №2/52 үй.