Қарақияда «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен базарларда және жалға алушы кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акция өткізу барысында сауда орталықтарының иелері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндіріліп, арнайы ескертпе қағаздары таратылып берілді.
“Барша аудан тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтау және алдын-алу шараларын қадағалау ең алдымен, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін өте маңызды екенін қаперіңізге береміз!”, - деп жазылған аудан әкімдігі таратқан хабарламада.