Маңғыстаулық тұрғындардың шағымынан кейін полиция алаяқтық әрекетке қатысы бар екі оқиғаға қатысты істің бетін ашты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындарды “жұмысқа орналасуға көмектесемін” деп уәде берген алаяқ әйел кейін алдап кеткен. Оған қатысты азаматтар полицияға арызбен жүгінді. Алаяқтың құрығына түсіп қалған жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 600 000 теңгені құрап отыр. Одан бөлек, “балаңды жоғары оқу орнына түсіріп беремін” деп сөз беріп, 300 000 теңге көлемінде қаражат жымқырыпты.
Криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру кезінде күдікті қолға түсірді. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғады.
Бұдан бөлек, «Тиімді бағаға пәтер алып беремін» деп алаяқтықпен айналысқан әйел адам қолға түсті. Тұрғындардың арызынан кейін алаяқ әйелге қатысты көптеген ақпарат белгілі бол. Ол жәбірленушілердің біріне “арзан пәтер алып беремін” деп сөз берсе, екіншісіне “мұнай-газ саласына жұмысқа орналастырамын” деп уәде еткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 21 000 000 теңгені құрап отыр.
Криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтың жеке басы анықтап, қазіргі таңда күдікті қылмыстық кодекстің 190-бабыбойынша тергеу изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.