Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Батыс Қазақстан облысының 54 жастағы тумасы қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған. Осы уақытқа дейін іздеуде жүрген әйел адам Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қаласында күдікті әйел қолға түсті. Полиция қызметкерлері оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазіргі уақытта тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.