Интернет провайдерлері қызмет көрсетуге кедергі келтіретін жайттар туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көрсетілетін қызметтерге сәйкес байланыс операторлары магистральдық, арналық және соңғы миль провайдерлеріне бөлінеді. Мұның ішінде соңғы сы "Байланыс туралы" ҚР Заңының жиі өзгеруіне жиі шағымданады.
"Біз жұмыс істейтін негізгі құжат – 2004 жылы қабылданды. Содан бері 76 рет жаңартылған. 2022 жылдың өзінде байланыс туралы Заң 5 рет өзгерді. Сонымен қатар, біз жүгінетін Жер кодексі 124 рет өзгерсе, былтыр 7 рет жаңартылды. Біз мұнымен инновацияларға ілесе алмаймыз! Мысадлы, ертең қандай заңмен оянатынымды білмеймін және барлық мүдделі тараптарды ескермей өзгерістер енгізеді!"- деді Ақтау қаласындағы «АТК Жаңа өзен» ЖШС басшысы Серік Молдабеков.
"Соңғы миль" провайдерлерінің басты мәселесі - желілерге қол жеткізу болып отыр. Олар жұмысын бастау үшін қалада кәріз құрылысын ретке келтіруді және барлық операторларға тең қол жеткізуді сұрайды.