Бүгін жаңа бағыттағы жолаушылар пойызы Маңғыстау вокзалына келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстауға ат басын тіреген пойыз құрамында 8 вагон бар. «Жолаушылар тасымалы» Маңғыстау телімінің бастығы Қалиолла Сахиев пойыздар Қытайда өндірілгенін айтып отыр.
Пойыз Маңғыстаудан Оралға айдың жұп күндерінде жүреді. Жол жүру уақыты 35 сағат 47 минут. Билет құны 8000 теңгеден басталады.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысына баратын маңғыстаулық жолаушылар әуелі Ақтөбеге жетіп, кейін «Ақтөбе-Орал» пойызына отыратын.