Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық науқанын орындау мақсатында Маңғыстау өңірінде «Таза Маңғыстау - ғажайып өлке» экологиялық науқаны жарияланды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, облыста басталған экологиялық айлық аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында 5 бағыт бойынша жұмыс жүреді.
- 1-кезең 6-13 сәуір аралығында «Таза Маңғыстау - таза қалалар мен ауылдар» экологиялық науқаны өтеді. Науқан барысында қалаішілік, ауданішілік шағынаудандардағы жол жиектерін ақтау, қалалар мен аудандар көшелері мен тұрғын үй аулаларын, автомобиль жолдары мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандары айналасын қоқыстардан тазарту, абаттандыру жұмыстары атқарылады. 2 кезең 13-20 cəyip aралығында «Таза Маңғыстау - Қазыналы Маңғыстау» экологиялық науқаны аясында Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында орналасқан 30 тарихи- мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. 3- кезең 20-27 cəyip аралығында «Таза Маңғыстау- шырайлы өлке» экологиялық науқаны жүргізіледі. Науқан барысында облыс бойынша 200 түп ағаш егіледі. «Таза Маңғыстау-өнегелі Маңғыстау» атты 27 сәуір - 4 мамыр аралығында өтетін 4 -кезеңде ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы 5-кезең «Таза Маңғыстау - таза Каспий» экологиялық науқаны 4-11 мамыр аралығында өтеді. Аталған науқанда Каспий теңізі жағалауын қураған шөптерден тазарту, облыс бойынша бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізіледі, - деді Әсел Балманова.
Сондай-ақ, өңірде тазалық жұмыстары кезіндегі құқықбұзушылықтарға байланысты бүгінгі күннен бастап рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Ақтау қаласы полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қасымбек Арыстановтың мәліметінше автокөлікпен қоқысты төгіп кеткен адамдарға 20МРП, жеке кәсіпкерге 50 мрп, ірі кәсіпкерге 100 мрп. Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жеке тұлғаға 50 мрп, кәсіпкерлерге 300 мрп көлемінде хаттама толтырылады.
Сонымен қатар, брифинг барысында экобелсенділер Кирилл Осин мен Ирина Татиева маңғыстаулықтарды игі бастамаға қолдау білдіріп, аталмыш акцияға белсене қатысуға шақырды.
- Елімізде алғаш рет 5 аптаға созылатын кең көлемді науқан бастау алды. Бұл барлық отандастарымызды туған жерімізді, табиғатымызды қорғауға үндеуге бағытталған. Бұл әдеттегі көктем кезінде болатын сенбілікке қарағанда, ерекше маңызға ие. Бізде қоқысты тиісті орынға жеткізбей, жолға тастай салу сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Ол әрине дұрыс емес. Бұл біздің мекеніміз. Оны қастерлеу - әрбір адамның басты парызы. Акцияның құндылығы сол, планета экологиясының жай-күйін бірлесіп реттеудегі татулықта өмір сүруді дәріптейтін қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру. Сондықтан мен барша маңғыстаулықтарды акцияға белсене қатысуға шақырамын, - деді Кирилл Осин.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары кезінде құқықбұзушылық орын алғанда 102 полициялық нөміріне хабарласуға болады.