Жаңаөзен қаласында мұнай және газ өндірісіне қажетті тұрақты және ұзақмерзімді пайдаланылатын тауарлар өндіретін зауыт бой көтереді. Бұл туралы бүгін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да өткен алғашқы комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Н.Жақыпов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің қолдауымен сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне толықтырулар енгізілген болатын. Толықтыруға сәйкес, «ӨМГ» АҚ Жаңаөзен қаласының аумағында өндіріс орнын ашып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуды өз міндетіне алғанинвестормен бір көзден ұзақ мерзімге келісім-шарт жасауға тиіс.
Осыған орай, «ҚазМұнайГаз» Басқармасының шешімімен Инвесторды іріктеурегламенті бекітіліп, оның негізінде «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдеріненқұралған жұмыс тобы құрылды. Алдын-ала жарияланған хабарландыруға сәйкес, инвесторлардан келіп түскен өтінімдерді тиісті жұмыс тобы қарап, нәтижесіндеЖаңаөзен қаласының аумағында жаңа өндіріс ошағын салатын инвестор анықталды.
Зауытта 16 түрлі тауар өндірілмек. Қажетті тауарлардың тізбесі «ӨМГ» АҚ-ның 2025-2028 жылдарға арнап бекітілген бизнес-жоспары негізінде жасақталды.
Алдағы уақытта бой көтеретін зауыттың құрылысы мен қызмет ету кезеңінде жаңаөзендіктер үшін 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
«Жаңа өндіріс орындарының ашылуы компаниямыздың импортқа тәуелділігінен арылуына, қаланың дамуына, өңір экономикасының өркендеуіне, жергілікті және республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюынаықпал етпек. Жаңаөзен мұнайлы қаладан өндірістік қалаға айналатын сәт те келді. Біз мұнда жергілікті жастарға жұмыс ұсынатын инвесторларды тарту ісін жалғастыра береміз. Отандық кәсіпкерлерді Жаңаөзенге инвестиция құюға шақырамын», - деді «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай.