Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Әйелдер Істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Ақшұқыр ауылындағы эвакуация орталығындағы отбасылармен кездесіп, моралдық-психологиялық қолдау көрсетті, - деп хсбарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Комиссия мүшесі, ақын
Анар Шамшадинова өлең оқып, құлсарылық әйелдердің көңілін босатты. Табиғи апаттың салдарынан от басын, ошақ қасын тастап, өңірді уақытша паналап келгендер маңғыстаулықтарға жарқын жыр үшін де, жылы құшақтары үшін де алғысын жаудырды.
Сондай-ақ комиссия мүшесі, жоғары санатты білікті гинеколог -дәрігер Ғалия Махимова аяғы ауыр әйелдермен жүздесіп, кеңесін берді және оларға медициналық-гинекологиялық тегін көмек көрсететінін жеткізді.