"Біз адамбыз, біз біргеміз" қоры аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына және мүгедек жасөспірімдерге арналған жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырады. Жаңа жылдық мейрам 21 желтоқсанда өтпек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал 15 желтоқсанда аталған қор мен Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығы қарттар үйіне барып, шырша мен сыйлықтар табыстауды көздеп отыр. Өңірдің 300-ден астам кішкентай тұрғындары қатысатын көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан жеткіншектерге және мүгедек балақайларға арналған іс-шара 21 желтоқсанда ұйымдастарылғалы отыр. Осыған байланысты қор өкілдері барлық маңғыстаулықтарға сыйлықтар сатып алуға көмек көрсету бойынша арнайы ұсыныс білдірді.
"Сыйлық үшін ойыншық, тәттілер мен жеміс-жидектер қажет. Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға тоңазытқыш пен теледидар табыстауды жоспарлап отырмыз", - деді Иманғазы Досмұхамедов.
Осыған байланысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады: +77028210650.