Маңғыстау облысының жастар саясатының тапсырысымен, Азаматтарды қолдау орталығының қолдауымен «Риза-ана» қоғамдық қоры өңірімізде «Аймақтың өндірістік мекемелеріндегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» басым бағыты бойынша “Маңғыстау облысының өндірістік мекемелердегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру” – тақырыбында жобаны бастайды.
Жобаның мақсаты - Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің жұмысын жандандыру арқылы қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған жастар санын кемінде 1500-ге жеткізу. Мақсатты топ – маңғыстаудың жұмысшы жастары. 1 міндет. Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің орталық жоғары органы құрылады және әр отырысқа кемінде 50 жұмысшы жастың қатысуымен 4 кеңес отырысы өтеді;
Өтетін іс – шаралар - Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің орталық жоғары органы құрылады және әр отырысқа кемінде 50 жұмысшы жастың қатысуымен 4 кеңес отырысы өтеді.