29,30,31 мамыр күндері Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандары аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына ішінара шектеу қойылады.
Іс-шара аса маңызды мемлекеттік объектілерде террористік сипаттағы қатерлер туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізіледі.
Осы орайда аудан тұрғындары мен қонақтары, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.
Өткізу уақыты: 10:00-13:00; 15:00-18:00