Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысының 95% аяқталды. Қала әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев 36-шағын ауданда орналасқан нысанның жұмысымен көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталықтағы қоймаларда 6 000 шаршы метр тоңазытқыш мен 2840 шаршы метр мұздатқыш орналасқан. Бұл жерде ет, сүт өнімдері сақталады. Ал жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын қоймалардың аумағы 3360 шаршы метрді құрайды.
"Ақтау қаласында орналасқан көтерме-тарату орталығында бес ғимарат бар. Оның төртеуі жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын қойма болса, біреуі көтерме-бөлу орталығының жұмысын ұйымдастыруға арналған орын. Қазақстан мен Түркия елінің арасындағы инвестициялық ахуалды арттыру мақсатында тауар айналымын өндіруші кәсіпкерлер өз өнімін қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс көтерме-тарату орталығы ашылғаннан кейін қарастырылады", - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің секторр меңгерушісі Дінмұхаммед Сансызбай.