Өмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде 19 тоннаға жуық заңсыз төгілген қоқыс шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға 10 қызметкер мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі заңсыз қоқыс тастаған азаматтарға әкімшілік шара қарастырылғандығын ескертеді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.
- Өмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде заңсыз тасталған қоқыстар тазартылды. Шара барысында 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі «Кіші Оймаша» көлі, 29А шағынаудандағы зират, 25 шағынаудан көк базардың маңын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындардан үлкен қоқыстарды қаладан 25 шақырым жерде орналасқан полигонға шығаруды сұраймыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.