Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері ерекше іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының Н. Оңдасынов атындағы № 5 орта мектебінің оқушыларымен бірге «Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы - халық үшін туған батыр» атты ерлік сабағы өткізілді.
Іс-шара генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен қызметі туралы презентациядан басталды. Оқушылар оның әскери жолы, Отанды қорғауға қатысуы, елдің қорғаныс әлеуетін дамытуға қосқан үлесі туралы ақпаратқа қанық болды.
Одан кейін іс-шараның интерактивті бөлігі жалғасып, қазіргі әлемдегі батырлық пен батылдықтың маңыздылығын талқылады. Оқушылар ар-намыс, парыз және батылдық ұғымдарының маңыздылығы туралы өз ойларын білдіріп, белсенді қатысты.
Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жедел ден қою аға офицері капитан Жамбыл Әбікеев осындай іс-шаралардың маңызды екенін жеткізді. Ол жастар өз елінің батырлары мен олардың ерлігін білуі керек екенін айтады.
Осындай ерлік сабақтары ұлтжандықты қалыптастыруда және тарихи мұраны құрметтеуде маңызды рөл атқарады. Мұндай ерлік сабағы оқушылар үшін жаңа білім көзі ғана емес, одан әрі жетістіктерге шабыт береді, - деді капитан Жамбыл Әбікеев.
Осылайша, Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер өткізген ерлік сабағы қазіргі оқушыларға ерекше әсер сыйлады.