Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
БАҚ өкілі әкімге «Жалпы Маңғыстау облысы табысының басым бөлігі - мұнай мен газ. Туризм саласынан өңірге түсетін пайда қаншалықты?» деп сұрақ қойды.
- Әзірге мардымсыз. Бұл біздің туризм саласының алғашқы қадамдары. Біздің облысты әлі де танымайтын елдер бар, - деді Ноғаев ОКҚ-да өткен брифигте.
Сондай-ақ әкім өңірдегі туризмнің үлесіне тоқталды.
- Туризм саласындағы қызметтер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жетті, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.