Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай маңғыстаулықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Жүрегі жерім, елім деп соққан әрбір азамат үшін бұл күн ерекше күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін атап өтті.
Расында Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – халқымыздың асқақ рухын, салт-дәстүрін, ұлттың қаһармандығы мен даналығын, даламыздың өткені, бүгіні мен болашағын сабақтастыратын арман-тілегін бейнелейтін ерекше құндылықтар. Олар бізге биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді.
Құрметті жерлестер, баршаңызды айтулы Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, абыройы асқақтай берсін!, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.