3 маусым күні Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінде бір жыл бұрын әскер қатарына қосылған мерзімді әскери қызметшілерді шығарып салу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған бұл сарбаздар бір жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінде қызмет атқарып, Ақтау қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.
Ел алдындағы борыштарын мінсіз орындаған сарбаздарды 6656 әскери бөлімінің басшылығы салтанатты түрде шығарып салды. Жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен жауынгерлерге мінсіз қызметтері үшін мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.