Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевті қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында nараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-саттық, инвестиция, транзит және көлік, туризм салаларындағы қатынастардың дамуы туралы пікір алмасты.
Облыс әкімі бауырлас екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды жетілдіруге қатысты барлық ұсыныстарға ашық екенін айтты.
Айта кетсек, 2024 жылы қаңтар-мамыр айлары бойынша Маңғыстау
облысы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 313 мың АҚШ долларды құрады. Экспорт 278 мың АҚШ долларды, импорт 35 мың АҚШ долларды құрады.Маңғыстау облысында қырғыз капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 11 кәсіпорын тіркелген. Сондай ақ, өңірде «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі өз қызметін жүзеге асырады.