Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік нысандарға тазалық бойынша мониторинг жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг барысында айналасындағы бес метр аумақты таза ұстамаған 20 кәсіпкерге айыппұл салынды,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг тобы аталған кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту берген. Ескерту елемеген кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505 бабы бойынша әкімшілік хатттама толтырылып, 30 (110 760 тг) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
- Кәсіпкерлер өздерінің ғимараттарының қасбеттерін ретке келтіріп ұстамаса, айналасының тазалығын сақтамаса, жарықтандыру жұмыстарын ұйыдастырмаса, сондай-ақ айналасындағы жасыл желектерді күтіп ұстамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады .
Атап айтқанда, аталған құқық бұзушылықтар бойынша жеке тұлғаларға - 73 840 тг(20 АЕК), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 110 760 тг(30 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 147 680 тг(40 АЕК), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 369 200тг(100 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, - деді Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Нұржаубай.