© Life.ru
Неліктен әйелдер озбыр ер адамды таңдайды? Мұндай қарым-қатынаспен қалай жұмыс істеу керек және әйелде психологқа неге бармайды? Mangystaumedia.kz журналисінің осы және басқа да сұрақтарына психологтар Вадим мен Ольга Третьяковтар жауап берді.
Ольга Третьякова, психолог: «Мұндай әйелдер неге озбыр адамдарды таңдайды? Өйткені әйелдер мұндай адамды бір жерде көрген, сондықтан оларға түсінеді. Мысалы, әкесі бір күні ұрып, ертесіне мейірімін төгуі мүмкін. Яғни, мұндай әйелдер үшін зорлық-зомбылық пен мейірім қатар жүреді. Жәбірленуші мұны шынайы махаббат деп санайды. Ал олар терапия қажет. Бұл ұзақ жұмыс – балалық шақпен, адамның ішіндегі баламен, әйелдік энергиямен жұмыс істеу керек.»
Вадим Третьяков, психолог: «Егер біз психиканы монолитті нәрсе ретінде қарастыратын болсақ, онда психиканың үштен бірін қайта құру керек. Бұл өте ұзақ уақытты алады әрі оңай емес».
Ольга Третьякова, психолог: «Мұны мұқият және біртіндеп жасау керек. Әйелдер бұған көп күш керек ететін үлкен жұмыс екенін біледі. Егер әйел мұндай қарым-қатынасты доғарып, кейін мұндай проблемамен жұмыс істемесе, тағы дәл сондай еркекке жолығады.»
Вадим Третьяков: «Озбыр адамдардың да бұған ықпал ететінін түсіну маңызды – олар әйелдің өз бағасын төмендетуге әрекет жасап, жұмыстан да шығуға үгіттейді, сондай-ақ жақындарымен араласуға бөгет болады. Осылайша, әйел «ресурстық шұңқырға» түсіп, күшін, сенімділігін, қаржысын, мүмкіндігін жоғалтады. Содан кейін мұндай жағдайда терапевтік курсты қажет деп санамайды. Сондықтан зорлық-зомбылық құрбандарының үмізі үзіліп, бұл «шұңқырдан» шығу мүмкін емес деп ойлайды.»