Көктемгі мереке күндері Ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. «Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
-№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.
Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.
Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында;
-№139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 7, 11 ,21, 25 наурыз аралығында;
-№354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 7, 9, 21, 25 наурыз аралығында;
-№623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 8, 10, 20, 24 наурыз аралығында.
Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
-№22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
-№24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 7, 11, 21, 25 наурыз аралығында;
-№34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызы 8, 10, 22, 24 наурыз аралығында;
-№47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызы 7, 9, 21, 23 наурыз аралығында;
-№313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызы 7, 9, 20, 23 наурыз аралығында;
-№614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында;
-№692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 25 наурыз аралығында.
Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:
-№87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында;
-№21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 7, 11, 20, 26 наурыз аралығында.
Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.