
14 наурыз - Амал мерекесіне орай «Адай ата - Отпан тау» кешеніне қонақтар үшін арнайы автобус қатынайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
13 наурыз күні сағат 11:00-де Ақтау қаласының тұрғындары үшін «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан Ақтау-Отпан бағытында маршрут жүреді. Кері бағытта сағат 21:00-де автотұрақ алаңында автобус қозғалады. Сондай-ақ, 13 наурызда Жаңаөзен-Отпан бағытында сағат 11:00-де ФОК алаңында автобус жүреді. Сондай-ақ автобус 21:00-де автотұрақ алаңында Жаңаөзенге кері қайтады.
Ал, 14 наурызда сағат 08:00-де Ақтау қаласы «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан Ақтау-Отпан бағытында автобус қозғалады. Кері қарай 15:00-де автотұрақ алаңынан Отпан-Ақтау бағытындағы автобус жүреді.
Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін 14 наурыз күні сағат 08:00-де ФОК алаңы Жаңаөзен-Отпан бағытында автобус қозғалады. Кері қарай автотұрақ алаңында сағат 15:00-де Отпан-Жаңаөзен бағытында маршрут жүреді.
Сондай-ақ, 13 наурыз күні сағат 04:30-де Бейнеу-Маңғыстау, 05:11-де Алматы-Маңғыстау, 07:22-де Семей-Маңғыстау, 07:36-да Атырау-Маңғыстау пойызымен келетін қонақтар үшін Шетпе-Отпан бағытындағы 2 автобус жүреді. Қонақтар вокзалдан автобусқа отыра алады.