© nashregion33.ru
Мұнайлы аудандық соты жеке кәсіпкер «Г»-ға қатысты ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер «Г» Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде 29 ақпан 2024 жылы сағат 23:05 шамасында алкоголь өнiмін сатқан.
«Сот қаулысымен жеке кәсіпкер «Г» ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 103 376 теңге әкімшілік айыппұл салынып, алкоголь өнімін сақтауға, сатуға берілген қызмет лицензиясының қолданысы 1 айға тоқтатылды», деп жазылған Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаулы заңды күшіне енген.