© Kaztag.kz
Сотқа жүгінген Е. 2022 жылдың 26 қаңтарында Ш-ның пәтерін сатып алып, нотариуспен куәландырған. Ал Ш. сатып отырған пәтерінің коммуналдық қарыздарын толығымен өзі төлеуге міндеттелген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда, Е. пәтерді сатып алғаннан кейін коммуналдық қарыз үшін 566 755 теңгені өзі төлеуге мәжбүр болған.
Талап қоюшы Е-нің жауапкер Ш-ға берген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі Ақтау қаласының №2 сотында қаралды.
Азаматтық істі талқылау барысында тараптар дау бойынша медиативтік келісімге келды. Талап қоюшы Е. қарыз сомасын 566 755 теңгені 300 000 теңгеге дейін азайтады, ал жауапкер Ш. талап қоюшының пайдасына 300 000 теңге қарыз ақшаны кесте бойынша 2025 жылдың шілде айына дейін төлеуге міндеттеледі. Сот медиативтік келісімді бекітіп, тараптарға іс жүргізуді тоқтатудың құқықтық салдарын түсіндірді, - делінген Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұйғарым заңды күшіне енген.