Ақтау қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы полиция басқармасының хабарлауынша, төрт күн ішінде қала көлемінде түнгі мезгілде заңды өкілсіз үйінен тыс жерде жүрген 50-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген.
Қазір іс-шара барысында полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жиырма бес тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталса, осы кодекстің 442-бабымен 52 ата-ана жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, әкімшілік кодекстің 434-бабында көзделген талаптарды елемей, құқық бұзушылыққа жол берген 8 азамат анықталған.