Көшеде, қоғамдық орындар да орын алатын қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу, оны ашу бағытында наурыз айының 15-17 жұлдызы аралығында аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп»жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық полиция бөліміне сілтеме бере отырып.
Қылмыстың алдын алудың негізгі тетігі әкімшілік құқықбұзушылықтың уақытылы жолын кесу болып табылатындықтан жұмылдырылған қосалқы күштерімен бірлесе барлығы 249 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен 14 шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарылып, жеке басын анықтау мақсатанда 20 азамат Ақтау қаласы ПБ «Қабылдау тарату» орнына орналастырылды.
Өткізілген іс-шара кезінде Мұнайлы аудандық Полиция бөліміне қоғамдық орында құжатсыз жүрген азаматтардың жеке басын анықтау мақсатында бпрлығы 108 тұлға жеткізіліп, саусақ іздері алынды.