Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалында өткен жылы азаматтардың өтініштері бойынша қорытынды жасалды. 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Қор филиалына 1 390 өтініш келіп түсті, оның 826 – шағымдар.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің 59%-ында 1406-ға қоңырау шалынған. Шамамен 35% өтінім Қорға «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түсті. Қордың fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты мен блогы сынды кері байланыс арналары да халық арасында танымал.
ӘМСҚ филиалында атап өткендей, өтінімдердің 0,2%-ында кеңес берілсе, жеңілдетілген санат бойынша уақытша мәртебе беру туралы өтінімдердің 0,8% - ы және 40% - ы медицина қызметкерлеріне алғыс екенін атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзін пациенттердің омбудсмені ретінде ұстанатыны көпшілікке мәлім. Сол себепті адамдар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Қорға жазып, хабарласады. Өткен жылы пациенттер Қордың Маңғыстау филиалына 826 шағым жіберген. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 31% - ға артты (2021 жылы 566 шағым). Шағымдардың басым бөлігі №1, 2 Ақтау қалалық емханалары мен «Ясин» медициналық орталығына тиесілі», - деп бөлісті халықты ақпараттандыру және өтініштерін қарау бөлімінің бас сарапшысы Наушина Сәуле.
Азаматтар көбінесе МСАК-та медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады (18,3%). Екінші орында – учаскелік қызметтің сапасыз қызмет көрсетуі (ЖПД, дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатр) тұр (12,7%). Сондай-ақ КДҚ беруден бас тарту (11%), дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту (4,8%), этика мен деонтологияны бұзу (4%), медициналық ұйымның ақпараттық жүйелерінде көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп көрсеткен жалған ақпарат (3,2%) бойынша шағымдар түсті.
«Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақтылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеті, ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қор филиалында.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады.
Қор келіп түскен өтініш-шағымдарды талдау және мониторинг арқылы кері байланыс сапасына халықтың көңілі толғанын анықтайды. Жыл қорытындысы бойынша 95,3% толыққанды жауап беріледі.
Медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, медқызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін жоғарыда аталған байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыру қажет.
Әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім болып табылмайды.
Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.