Мұнайлы ауданында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 199 азамат тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының 47 азаматы шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Қабылдаушы тұлғаның шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында болуы үшін рұқсат құжаттарын рәсімдеу немесе рұқсат қағазының белгілі мерзімі өткеннен кейін олардың өз еліне кетуі үшін шара қабылдамауы, не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабардар етпегені үшін ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы 1 бөлігіне сай 43 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартқаны үшін ҚРӘҚБтК 519 бабы 1 бөлігіне сай 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен 16 шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарылды.