Облыс әкімдігінің телеграм каналына Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе-2 ауылының тұрғыны елді мекенде бұралқы иттердің көбейіп бара жатқанына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация қызметіне сілтеме жасап
Тұрғынның айтуынша, топтасып жүрген бұралқы иттер таңертең балабақша мен мектепке бара жатқан оқушыларға қауіп төндіреді екен. Тұрғын өзінің балаларының бірін ит қауып, жазатайым қыла жаздағанын айтады.
-Қараусыз иттерді аулау және жою жұмыстары ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына байланысты тоқтатылған. Дегенмен, заңдағы нормаларды сақтай отырып, ҚР заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 15-баптың 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес «жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның, жануарлардың өміріне, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда» зардап шегуші немесе тұрғындар өз тарапынан ауылдық округ әкімдігіне арыз-шағымдар жаза алады. Тиісті шаралар арыз қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады. Қараусыз ит тістеген жағдайда, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып пұл салынады, - деді Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясының мамандары.