Ақтаудағы 11 шағынаудан тұрғындары редакцияға 12 А шағынауданындағы аялдамаға қатысты шағым білдірді. Бұл аялдама екінші рет қайта жасалғанмен ешқандай тиімділік болмай отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аталған 12 А шағынаудандағы аялдамадаға бірден бірнеше автобус маршруттары тоқтайды. Әрі бұл жерде үнемі қоғамдық көлікті күтетін адамдар қарасы мол.
- Бірнеше жыл бұрын аялдама қайтадан салына бастады. Ескісі бұзылып, орнына коммерциялық нысан пайда болды. Ал қалған орын аялдамаға бөлінді. Бірақ бұл адамдарды қорлау сияқты. Онда бір ғана орындық қойылып, адамдар үшін кішкене ғана орын бөлінген. Аялдамада әрдайым адамдар көп болғандықтан кейде маршруттық автобустар тоқтамайды. Ал автобустан шыққан адамдардың басы бірден коммерциялық нысанның маңдайшасына тиеді. Бізде барлығы адамдар үшін әлде изнес үшін жасалып жатыр ма дегенді әкімдіктен сұрағым келеді, - дейді Ақтау тұрғыны.
Жақында аялдамада бұзылып, қайтадан салына бастаған. Тұрғындардың айтуынша, құрылыс орнында жаңа коммерциялық нысан мен автобус күтетіндер үшін қанша орын бары бірден көзге түседі.