Бүгін Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Әлиханұлының қатысуымен сергек камераларын орнатуға байланысты жиын өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Сағынғалиұлы, ауданның құқық қорғау органдарының басшылары мен мекеме басшылары, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері қатысқан.
Жиында қолданыстағы сергек камераларына қосымша тағы 140 нүктеге, барлығы 500 камера орнату жоспарланған. Сонымен қатар, камераларды құқық бұзушылық жиі орын алатын жерлерде қою және камераларға жауапты мамандар санын ұлғайту мәселесі пысықталған.
Осыған сәйкес, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне, қылмыс көп орын алатын әлеуметтік нысандар, ойын алаңдары және т.б. жерлерге камера орнатуға ұсыныс берілген.
Жиын соңында, аудан әкімінің орынбасары бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша қолданыстағы камералардың сапалы жұмыс жасауын бақылауға алуды, штат санын көбейтуді тапсырған.