Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты 25 шілде күні сағат 9:00-ден бастап 26 шілде сағат 10:00-ге дейін 11А шағын аудандағы жанар-жағармай құю бекеті мен «Бозжыра» мейрамханасы арасындағы жол уақытша жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарын жүргізіп отырған «Алматыинжстрой» АҚ қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.