Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қалаға 4,5 шақырым жаңа құбырлар келді. Бұл туралы «Алматыинжстрой» АҚ учаске басшысы Бақытжан Мұхамеджанов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 11,3 шақырым магистральдық инженерлік желілер жаңартылуда. «Алматыинжстрой» АҚ мәліметі бойынша, жаңа құбырларды орнату жұмыстары 27 және 28-шағын аудан арасында, 29-шағын аудан, 12 шағын аудан, өндірістік аймақта жүргізілуде.
-Қазіргі таңда қалаға диаметрі 530 мм 4,5 шақырым жаңа құбырлар келді. Мамандар қазіргі таңда жаңа құбырларды орнатып, монтаждау жұмыстарын бастап кетті. 4 шақырымы осы айда келеді. Құбырлар барлық детальдарымен бірге жіберіледі. Жалпы барлық жаңа құбырлар қалаға шамамен тамыздың 10-15 күндері келеді. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін серіктестік тарапынан абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары жасалады, - деді «Алматыинжстрой» АҚ учаске басшысы Бақытжан Мұхамеджанов.