Ақтауда қала және жақын маңдағы аудан тұрғындарының ауыз суды тұтыну көлемінің артуына байланысты ОСЖТ - 2,3 резервуарларындағы су деңгейі төмендеп, ОСЖТ-2, ОСЖТ-3 сорғы жабдықтары істен шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МАЭК ЖШС-нің хабарлауынша, қазіргі уақытта резервуарлар ауыз сумен толтырылып жатыр.
«Су деңгейі тиісті деңгейге жеткеннен кейін гидравликалық режим біртіндеп қалпына келіп, сорғы жабдықтары іске қосылатын болады» - деп жазылған хабарламада.
МАЭК ЖШС уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтынын жеткізді.