Бүгін, 8 сәуір күні мыңнан аса Құлсары тұрғыны Маңғыстауға табан тіреді. Оның 492-сі арнайы пойызбен, ал қалғаны Алматы-Маңғыстау, Атырау-Маңғыстау бағытындағы пойыздармен келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев су тасқынынан эвакуацияланған құлсарылықтарды күтіп алып, орналасуға көмектесті.
Әкімдіктің мәліметінше, Мұнайлы ауданындағы жатақхана мен эвакуациялық орындарға орналастырылған. Басқалары өз сұранысы бойынша арнайы маршрутпен облыс орталығы мен өзге аудандарға жіберілген. Көпшілігі туыстарының үйіне кеткен.
Айта кетейік, Мұнайлы ауданында 4 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Маңғыстау ауылдық округіндегі №1, №5, №8, №11 мектептері.
Қажет болған жағдайда қосымша эвакуациялық пункттер ашылады.
Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығы күнделікті сағат 09:00-00:00 аралығында гуманитарлық көмек қабылдайды. Байланыс телефоны: +7 (708) 777-70-77.