Биыл он бірінші рет өткен Қазақстанның XI Азаматтық форумында азаматтық қоғамның дамуы мен қайырымдылық істерге ерекше үлес жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың қатарында Маңғыстау облысының ҮЕҰ өкілдері мен кәсіпкерлері де бар. Олардың қатарында «Мы люди-мы вместе» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұхамбетов, «Көмек-Жаңаөзен» қоғамдық қорының директоры Ардақ Смағұлов, «Ана мен бала-2011» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәметкен Шанкенова, «Integrated Solutions Group» ЖШС директоры Таги Тагиев, «Судовое оборудование и сервис» ЖШС директоры Дмитрий Донских, «Indigo Construction» ЖШС директоры Жанболат Тагиев сынды азаматтар бар.
Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықасы бар лауреаты мәртебесіне ие болды.